TOO BTS Digital
Aitu - “Көлсай көлдері” МҰТП
Орманның абзал қамқоршысы! 🌿
Табиғатты аялау – үлкен жауапкершілік пен адал еңбекті талап ететін іс.
Осындай игі істің басында жүрген жан –
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің
мемлекеттік инспекторы, орманшы Нұрбаева Бану Мұхтарқызы.
Бану Мұхтарқызы 1966 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы,
А.Нүсіпбеков ауылында дүниеге келген.
Өз еңбек жолын 1986 жылы бастаған ол, жылдар бойы түрлі салада абыроймен қызмет атқарып келеді.
2014 жылдан бері «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде еңбек етіп,
2017 жылдан бастап мемлекеттік инспектор қызметін абыроймен атқарып келеді.
Бүгінде Көлсай орманшылығында қызмет етіп жүрген
Бану Мұхтарқызы – өз ісіне берілген, орман мен табиғаттың нағыз жанашыры. 🌿
#менорманшы #ялесник